19.03.2026, 21:30

Қазақы шапан АҚШ елшісін тәнті етті (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Стаффт ханым тек таңдап қана қоймай, әр бұйымның мән-мағынасына үңілді.

Ұлттық киім күніне орай Джули Стаффт Астанадағы Dinara Satzhan Fashion Group шоурумына барды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Стаффт ханым тек таңдап қана қоймай, әр бұйымның мән-мағынасына үңілді.

Ол ою-өрнектердің астарындағы мазмұнға ерекше қызығушылық танытып, әрбір сызықтан дала тарихы мен ұлттық жадтың белгісін көргендей болды. Нәтижесінде оның таңдауы да символдық сипат алды — түйе жүнінен жасалған Jadagai шапанын таңдады.

Шешім қабылдауға дағдыланған жан ретінде елші бұл киімдердің тек музейлік жәдігер емес, күнделікті өмірге лайық екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай ұлттық киімдерді кездесулерде де, жұмыс барысында да еркін қолдануға болады.

Шоурум иесі, қазақстандық сән әлемінің білгірі Динара Сәтжан жоғары лауазымды қонақтар арасында сирек кездесетін қасиетті — шынайы қызығушылықты ерекше атап өтті.

Стаффт 30 отандық дизайнердің топтамаларын мұқият қарап шығып, таңдаған образдарының әрқайсысы өзінің жеке стилімен үйлесім тапты.

Мерекеге орай ұсынылған сыйлыққа қарамастан, дипломат шапанды өзі сатып алуды жөн көрді.

Кетерінде ол Наурыз мейрамын жаңа образда қарсы алатынын айтып уәде берді.