Әнші бірден назар аударып, сахнадан-ақ баланың анасына тіл қатты.
Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева шығармашылық қызметінің 50 жылдығына арналған концертте көрермендерді күтпеген жерден күлкіге қарық қылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Көрермендермен тілдесіп тұрған сәтте залдан сәбидің жылаған даусы естілді. Әнші бірден назар аударып, сахнадан-ақ баланың анасына тіл қатты.
«Баланы жіберші, мына жерде ойнап жүре берсін. Не болмаса еміз дұрыстап», — деді өнер иесі.
Бұл сөздерден кейін көрермендер эмоциясын жасыра алмай, залды күлкі кернеді.