Желі қолданушылары журналистің образдарына жоғары баға беріп, жылы пікірлерін жарыса жазуда.
Ұлттық киімдер күніне орай танымал журналист Динара Сәтжан ерекше образдарын ұсынып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында қазақы нақыштағы бірнеше сәнді образын жариялап, ұлттық киімнің заманауи үлгісін көрсетті. Әсіресе, дәстүрлі ою-өрнек пен заманауи стильдің үйлесімі оқырмандардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Желі қолданушылары журналистің образдарына жоғары баға беріп, жылы пікірлерін жарыса жазуда.
«Сұлулығына көз тоймайды», «Ағаш көркі – жапырақ, адам көркі – шүберек деп бекер айтпаған», «Қазақтың әрбір қызын осылай киіндірсе, бәрі де сұлу болып шыға келеді», «Киімдері қандай әдемі еді», «Ұлттық киімдерге жаңа өң бергендей» деген пікірлер жиі кездеседі.
Көпшілік Динара Сәтжанның бұл бастамасы ұлттық киімге деген қызығушылықты арттырып, оны күнделікті өмірде де кеңінен насихаттауға серпін береді деп бағалауда.