Ол Instagram парақшасында қыздарымен бірге түсірілген әсерлі видеоны жариялап, отбасымен уақыт өткізудің жарқын үлгісін көрсетті.
Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жары, продюсер Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желіде жаңа видеосымен көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол Instagram парақшасында қыздарымен бірге түсірілген әсерлі видеоны жариялап, отбасымен уақыт өткізудің жарқын үлгісін көрсетті.
Бруно Марстың әніне түсірілген бейнежазбада анасы мен екі қызы стильді образдарымен ерекшеленген. Олар көлемді жакеттер, денеге қонымды лосиндер, биік етіктер мен күннен қорғайтын көзілдіріктерді үйлестіріп, заманауи әрі үйлесімді образ жасаған.
Видеодағы синхронды қимылдар мен қуатты энергия көрермендерді бірден баурап алды. Желі қолданушылары жазба астына жылы пікірлер қалдырып, Мұқанованың ажырасқаннан кейін бұрынғыдан да жайнап, ерекше құлпырып кеткенін атап өтті.
«Мөлдір ажырасқаннан кейін шынымен құлпырып кетті. Бұрынғыдан да жарқын әрі сұлу бола түскен», «Энергиясы керемет, нағыз сұлулар, әсіресе анасы», «Супер!», «Міне, энергия! Қыздарымен бірге билегені қандай тамаша!» деп жазды желі қолданушылары. рерайт