Өнер иесі Taboo бағдарламасына берген сұхбатында ер азамат үшін қызғаныштың орнын ерекше атап өтті.
Қазақстандық актер Еділ Анарбай қызғаныш тақырыбына қатысты пікір білдіріп, жеке шекара мәселесі туралы ойын ашық айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі Taboo бағдарламасына берген сұхбатында ер азамат үшін қызғаныштың орнын ерекше атап өтті. Оның сөзінше, әйелін қызғана білу — еркектің табиғатына тән қасиет.
«Қызғана білуің керексің. Әйелін қызғана білмеген еркек, еркек емес. Қазір қоғамда, өкінішке қарай, ондай нәрселер көп. Мысалы, менің әйелім менің досыммен сүйісіп амандасса, бұл қалыпты деген ой бар. Мен бұған келіспеймін. Мен ең жақын досымның өзі әйелімнің бетінен сүйгенін қаламаймын. Мен сондай адаммын. Сондықтан жеке басымдағы заттарды жариялағым келмейді», – деді актер.
Актер бұл арқылы отбасы құндылығы мен жеке шекараны сақтау әр адам үшін маңызды екенін жеткізді.