22.03.2026, 05:30

«Өзімді тақуа етіп көрсеткім келмеді»: Ернар Айдар сынға жауап берді (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Өнер иесінің айтуынша, ол сахнада халықтың алдында ұзақ бата жасап, өзін ерекше көрсетуге тырыспаған.

Ақтөбедегі концертінде сынға қалған әнші Ернар Айдар желіде тараған видеоға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесінің айтуынша, ол сахнада халықтың алдында ұзақ бата жасап, өзін ерекше көрсетуге тырыспаған. Керісінше, көрермендерді күттірмей, ауызашар уақытын қысқа әрі көзге түспейтіндей өткізуді жөн көрген.

«Ауыз ашатын уақыт болды ғой деймін. Суларыңыз бар ма? Ақтөбедегі концертте ауызашар уақыты келгенде, білдірмей-ақ қояйын, өзімді тақуа етіп көрсетпейін деп, суды тез ішіп ауыз аштым. Ұзақ бата жасап, уақыт алғым келмеді», – деді әнші.

Алайда бұл сәттің видеосы әлеуметтік желіде тарап, көпшілік тарапынан түрлі сынға ұшыраған. Желі қолданушылары «Неге отырып су ішпеді?», «Неге дұға оқымады?» деген пікірлер жазған.

Ернар Айдар мұндай сындарға жауап беріп, оның әрекеті ешқандай діни рәсімді елемеу емес, керісінше, қарапайымдылық пен уақытты үнемдеуді көздегенін атап өтті.