$ 482.33  557.57  5.74

«22 жыл жастығым ошақ басында өтті»: Мөлдір Мұқанова өкінішке толы жазба жариялады (ВИДЕО)

Өнер иесінің жазбасына желі қолданушылары жылы пікір қалдырып, қолдау білдірді.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Мөлдір Мұқанова туған күні мен Наурыздың сәйкестігі туралы әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық әнші Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желідегі парақшасында туған күні мен Наурыз мерекесінің қатар келуінің мәні туралы жазба жариялады.

«Әкем бұрын “Мөлдірімнің туған күнін бүкіл ауыл тойлайды” дейтін, себебі менің туған күніммен қатар ауыл Наурызды тойлайтын. Сол кездегі ата-анамның ақ адал жүрегі, аппақ батасы - қазір туған күніммен тұспа-тұс бүкіл Қазақстан Айтты атап өтіп, Наурызды тойлауда.

Қазір қалай ән салып, айналаға жар салып жүрсем кішкентай күнімде де дәл солай болыппын. Қолыма домбырамды ұстап сахнаны шарлап, өнерімді арнап жүгіріп жүріппін. Студент шақтарда да айналамды ән қылу, сән қылу - өнерге деген, өлеңге деген махаббаттан…

Иә, ашылудан басталған жастығым басылуға жалғасып жиырма екі жыл үзіліс болды. Оттың басы, ошақтың қасы. Бірақ шуллап жатқан сахна, тулап жатқан өнер бәрібір өзініңкін сұрайды екен, маған өнер ұнайды екен. Аллаға шүкір, Алла ниетіме қарай - айналама ақ жүрек ағайынды жинап, ниеттес өнер адамдарына басымды қосып елдің алдында шырқау жүрмін. Біреуден озбай, біреуден қалмай - ертерек шықпасам да, еркелеп елдің ортасында жүргеніме бақыттымын!».

Өнер иесінің жазбасына желі қолданушылары жылы пікір қалдырып, қолдау білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0