$ 482.33  557.57  5.74

«Өлмейтіндей жүргеніміз үшін кешір»: Бағлан Әбдірайымов жантебірентерлік жазба жариялады

Сен кеткенде жыладық.

Фото: instagram.com/abdyraiymov_baglan
Фото: instagram.com/abdyraiymov_baglan

«Жігіттер» тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов марқұм Нәби Аймұратов туралы естелік жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Өмір деген осы екен. Сен кеткенде жыладық. Қимай, ұзақ уақыт ұмыта алмай жүрдік. Әніңді естісек көңіліміз босап кететін. Қызылордаға барсақ үйіңе соғып, ата-анаңа сәлем беріп, Құран бағыштап қайтатын едік. Достарың көп еді. Өзің жұлдыз едің, жарық едің. Бірақ уақыт бәрін өз ағысымен алып кетті. Бәрі де артта қалды. Тіпті кейде еске алмайтын күндер де көбейді. Өмір өтіп жатыр. Жаның жәннатта болсын, досым. Кешір бізді... Өлмейтіндей жүргеніміз үшін кешір», - деп жазған ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0