$ 482.33  557.57  5.74

«Аллаға шүкір, осы күнге де жеттік»: Блогер Жанәбіловтердің шаңырағында қуанышты оқиға болды (ВИДЕО)

Ғұмыры ұзақ болсын!

Фото: instagram.com/zhanabylov_e
Фото: instagram.com/zhanabylov_e

Танымал қазақстандық блогер Ерболат Жанәбілов отбасылық кеште бой көрсетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Блогердің туған інісі кішкентай қызына қырқынан шығару рәсімін жасады. Сол мерекелік бас қосуға блогерлік жұп та қатысты.

"Қызымызды қырқынан шығардық. Аллаға шүкір, осы күнге де жеттік. Денсаулығы мықты, ғұмыры ұзақ, бақытты болсын", - деп жазды блогердің келіні Айханым.

Видеодан барлық отбасы мүшелерінің кішкентай сәбиге тілек айтып, қырық қасық су құю рәсімін жасап жатқанын көруге болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0