$ 482.33  557.57  5.74

«Иә» дедім»: Әбиба Әбужақынова сүйінші жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)

Спортшы қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Фото: коллаж Sn.kz
Фото: коллаж Sn.kz

Дзюдодан әйелдер құрамасының көшбасшысы Абиба Әбужақынова сүйіктісінің үйлену туралы ұсынысын қабылдады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Спортшы қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

«Мен «иә» дедім!» – деп жазған ол сақинасын және сүйіктісімен түскен фотоларын жариялады.

Абиба Әбужақынова – дзюдодан әйелдер құрамасының басты үміттерінің бірі. 1997 жылғы 4 шілдеде дүниеге келген спортшы 48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді. 2026 жылдың наурыз айындағы жағдай бойынша, ол Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) рейтингінде екінші орында тұр.

Оның жетістіктері қатарында 2025 жылы Будапештте өткен әлем чемпионатының күміс жүлдесі, сондай-ақ 2022 жылғы Ташкент пен 2024 жылғы Абу-Дабидегі әлем біріншіліктерінің қола медальдары бар. Бұдан бөлек, ол Азия чемпионаттарында екі мәрте күміс жүлдегер атанған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0