$ 482.33  557.57  5.74

«10 млн теңге»: Жанболат пен Жазира құдаларына қалың малға қанша бергені белгілі болды (ВИДЕО)

Аталған көрініс желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды.

 

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Танымал әншілер Жанболат пен Жазираның отбасындағы қуанышты оқиғаға қатысты тағы бір жайт көпшіліктің назарын өзіне аударды. Құдалық рәсімі кезінде берілген қалың мал көлемі әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Желіде тараған видеода үлкендер жағы құдаларға 10 миллион теңге табыстап, оған қоса 300 мың теңге көлемінде сый ұсынғаны байқалады. Сондай-ақ, «осыған разы болыңыздар» деген сөздер айтылған сәт те кадрда анық көрінеді.

Аталған көрініс желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. Кейбірі жас жұбайларға ақ тілегін білдірсе, енді бірі қалың малдың көлемін талқылап, өз ойларын ашық жазуда.

Пікір қалдырғандар қатарында «Қуаныштарың құтты болсын!», «Осындай қаржы беру қаншалықты қажет?», «Әркімнің мүмкіндігі әртүрлі, ең бастысы – жастардың бақыты» деген мазмұндағы жазбалар көптеп кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0