$ 482.33  557.57  5.74

«Келінін өзі ұзатты»: Жазира Байырбекова жұртты таңқалдырды (ВИДЕО)

Өнер иесі бұл қуанышты сәтті әлеуметтік желіде бөлісіп, келінін ерекше түрде қарсы алғанын жеткізді.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Әнші Жазира Байырбекова келінін өз қолымен ұзатып, шаңырағына өзі алып келгенін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі бұл қуанышты сәтті әлеуметтік желіде бөлісіп, келінін ерекше түрде қарсы алғанын жеткізді.

«Аллаға шүкір, бүгін келінімізді аман-есен үйімізге түсірдік. Құдағиым Лиза "келінді өз әніңізбен алып кетсеңіз" деген өтініш айтты, соны орындадым. Жылы тілектеріңізге рахмет», – деп жазды әнші.

Аталған жайт желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. Бірі бұл әрекетті ерекше әрі әсерлі қадам деп бағаласа, енді бірі дәстүрге сай келмейтінін алға тартуда.

Пікірлер арасында «Бұл – ененің емес, эстрада жұлдызының ұзатуы сияқты», «Бұрын-соңды болмаған жағдай», «Ененің келінді өзі ұзатқаны дұрыс емес» деген көзқарастар жиі кездеседі.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0