Әнші сахнаның тесігін өзіне құрмет көрсеткен көрерменнен алған гүлді қойып жатқанда көріп қойған.
Жеке мерейтойлық концертін өткізіп жүрген Мақпал Жүнісова сахнаның тесігін көріп қойды. Ән айтып түрған әнші сахнаның сынып, жарылып кеткенін көріп, бірден сақтық шарасына көшкен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
«Мына жер тесік екен. Секіріп билеуге болмайды екен. Тыртыңдамай кетейік мына жерден. Жарылып кетіпті», — деді Мақпал Жүнісова.
Әнші сахнаның тесігін өзіне құрмет көрсеткен көрерменнен алған гүлді қойып жатқанда көріп қойған.
Әншінің әрекетіне зал толы көрермен қошемет көрсетті. Тесік саханың қай облыста болғанын әнші ашып айтпаған.