Көрермен мен оқырман әншіге жаппай қолдау білдіріп, жылы сөздерін жазып жатыр.
Өзінің жеке концертінде шаршаған әнші Мақпал Жүнісова туфлиін шешіп тастап ән айтты. Жасы келген әнші дәл сахна төрінде тәпшікесін сұрап, елдің аянышын тудырды, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.
«Біз өкшеден табаным тесілейін деп жатыр тура. Ана тупшікемді әкеліп беріңдерші, үлкен әпкемнің тәпшікесін қарызға сұрап алдым, кешіріңіздер», — деді сахна төрінде аяқ киімін шешкен әнші.
Зейнетке шыққан әнші қазір ел көлемінде мерейтойлық концерт беріп жүр. Сахнада қашанда өткір сөйлеп, елді күлкіге қарық қылатын Мақпал Жүнісова өзіне тиісем деп масқарасы шыққан миллиардер Құлыбаевты тағы еске алды.
«Басымыз аман болсын, ондай ондай болып тұрады. Сізде өткендегі Құлыбаевтай мені отыз жыл көрмедіңіз бе?», — деді өзіне гүл берген көрерменге.
Көрермен мен оқырман әншіге жаппай қолдау білдіріп, жылы сөздерін жазып жатыр.