$ 482.33  557.57  5.74

«Қонақ күтудің биік деңгейі»: Жұлдыз Әбдікәрімова Баянның қызын таң қалдырды (ФОТО)

Айсәуле актрисаның қоныс тойына ерекше тәнті болғанын жасырмады. 

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Баян Алагөзованың үлкен қызы, блогер Айсәуле Бақытбек жуырда актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың үйіне арнайы қонаққа барып, алған әсерімен әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Айсәуле актрисаның қоныс тойына ерекше тәнті болғанын жасырмай, Instagram stories арқылы оқырмандарына кештің әр сәтін көрсеткен. Оның сөзінше, Жұлдыз Әбдікәрімова қонақ күту мәдениетін мүлде жаңа деңгейге көтерген.

«Жұлдыз қонақ күтуді басқа бір биікке шығарған екен. Тіпті мәзірінің өзі ерекше, бәрі жеуге жарамды әрі креативті. Шынымен, қонақ күтудің чемпионы. Мұндайды бұрын-соңды көрмеппін. Шақырғаныңа рақмет», – деп жазды блогер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 1