Өнер иесі қолындағы алтын сақинасын көрермен апаға сыға тартты.
Танымал әнші Мақпал Жүнісова концерттерінің бірінде күтпеген әрекетімен елді таң қалдырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі қолындағы алтын сақинасын көрермен апаға сыға тартты.
"Жасыңыз 85-те ме? Осы концерттен кейіп жүгіріп кетіңіз. Мына қолымдағы сақинамды шешіп берейін", - деді әнші.
Әншінің бұл жомарттығына тәнті болған жұрт ризашылығын білдірді.
"Жомарт қой Мақпал апай", "Жүрегі кең ғой шіркін", "Қазақтың мырза, ерке қызы", "Халқының қызы міне осындай болады", "Жақсы көреміз. Алла ұзақ ғұмыр берсін", - деп жазды оқырмандар.