26.03.2026, 12:40

«Иығын сонша ашып...»: Мадина Сәдуақасова Наурыздағы образымен сынға қалды (ФОТО)

Фото: @sadvakasovamadina

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған суреттеріне қысқаша пікір қалдырған.

Әнші Мадина Сәдуақасова Наурыз мерекесіне орай түсірілген жаңа фотосессиясын көпшілікке ұсынды. Алайда оның көктемгі образы желі қолданушылары арасында әртүрлі пікір тудырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған суреттеріне қысқаша пікір қалдырған. Оның айтуынша, фотосессия арнайы Наурыз мерекесіне арналып түсірілген.

«Наурызға деп жасаған фотосессиямыз. Бұл образға әртүрлі пікір болды. Стилист пен фотограф заманауи, өте әдемі десе, Инстаға шықпай тұрып көрген кейбір адамдар үйлеспейді, тіпті жариялаудың қажеті жоқ деді. Ал мен үшін бұл – қазақы ұлттық нақыш элементтері бар кешкі образ», – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары да бұл образға қатысты пікірлерін жасырмады. Бірі әншінің батыл стилін жоғары бағаласа, енді бірі ұлттық киім элементтерімен үйлесім таппағанын айтып, сынға алды.

Пікір білдіргендердің қатарында: «Қазақы стильде киінсеңіз, иықты жабу керек», «Сонша ашқаны несі», «Қазақ қыздары бұрын иық пен кеудені ашпаған, құндылықты жоғалтпайық», «Иығыңызды жапсаңыз, образ одан да әдемі көрінер еді» деген сыни көзқарастар да кездеседі.