Талғамға талас жоқ!
Танымал өнерлі жұп Жанболат пен Жазираның ұлдарының үйлену тойын жүргізген актер, әзілкеш Қайрат Әділгерей тойда айтқан бейәдеп әзілдері үшін көпшіліктің сынына қалған болатын, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Осы орайда Қайрат Әділгерейдің келіншегі Бақыт Тұрман күйеуін қорғап, жазба жариялады.
«Оның әзілін өнер адамдары күтеді, сұрайды. Әсіресе өнер адамдарымен еркін әзілдесе білетін жалғыз жүргізуші ол. Қайраттың әзілін ұрлап, тамада болып жүргендерді де көрдім. Сондықтан талғамға талас жоқ», - дейді ол.