$ 482.53  555.44  5.92

«Аутизм емес екен»: Ырысбала Икрамбай сүйінші жаңалығын жылап тұрып жеткізді (ВИДЕО)

"Шешім табылды деп жүрегім жарылып жатыр". 

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Танымал блогер Ырысбала Икрамбай желідегі парақшасында сүйінші хабарымен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол үлкен ұлына ем тапқанын айтып, жылап жіберді.

"Біздің тұңғышымызға аутизм деп диагноз қойғанына биыл 4 жыл. 3жасында диагноз қойды, 2 жасынан бастап байқадық. 1 жыл бойы дамуында кешігу бар деп жүрдік. Содан бері құс ұйқымен ұйықтайсың. Кейде тентек адам сияқты түн ортасында тұрып алып жылайсың. Кейде ұйықтайтын кезде папасын теуіп, мені тырнап тастаған кезде екеуміз екі жаққа қарап жатып алып интернеттен қалай емдеуге болатынын іздейміз. Екеуміз теріс қарап қайтадан жылап аламыз. 4 жылдан бері мен дәл бүгінгідей рахаттанып ұйықтаған жоқпын. Бүгін сондай бір рахаттанып ұйықтадым, сенесіздер ме? Оның себебі шетелден кеше кинезиолог маманы келді. Бірнеше аппаратпен тексерді. Ешқандай да аутизм емес дейді. Сол жағының тамыры қысылып, тырысып қалған дейді. Омыртқаның екеуі де қисық тұр дейді. Жүйкесі қысылып тұр екен. Тек сол тамырларды жұмсартып, жүйкесін емдеу керек деді. Аутизм емделмейді дегенге өзімді үйретіп бастағанмын. 1 курс 10 күні 1 жарым миллион теңгедей тұрады екен. Малы да, ақшасы да құрысын деп жиған-тергеніміздің бәрін жұмсасақ та алып барамын деп жатырмын. Ең бастысы шешім табылды деп жүрегім жарылып жатыр. Таксиге отырсам да 2-3 мың теңгесін артық беріп жіберемін. Алла разы болса болды деп әуелі анама одан соң балама денсаулық сұрайтынмын", - деді ол.

Көпшілік блогерле қолдау білдіріп, ұлының тезірек сауығып кетуін тіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0