$ 482.53  555.44  5.92

«Тұрып кетіп қалды»: Жазира Байырбекова әріптестерінің тойдағы әрекеті туралы айтты

Артынша тамаданың тойды аяқтағанын түсінген.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Әнші Жазира Байырбекова отбасында өткен дүбірлі тойға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында алғашқы тойларының сәтті өткенін атап өтіп, кешке атсалысқан жандарға ерекше ризашылығын жеткізді.

«Бұлай болады деп ойламадым. Шақырылған қонақтардың 99 пайызы келді. Алғыс білдіреміз! Алғашқы тойымыздың жоғары деңгейде өтуіне өз үлестеріңізді қосқандарыңыз үшін ерекше ризамыз.

Әрқайсыларыңыз өз істеріңіздің нағыз шебері екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Кештің көркін кіргізіп, көңілімізден шығатын керемет атмосфера сыйладыңыздар.

Осындай кәсіби әрі ұйымшыл командамен жұмыс істеу біз үшін үлкен мәртебе!
Сіздерге шығармашылық табыс, толағай жетістіктер және тек биік белестер тілейміз! Тағы да үлкен рахмет!», – деп жазды әнші.

Бұдан бөлек әнші той біткен соң қонақтардың тұрып кетіп қалғанын түсінбей қалғанын айтты. Артынша тамаданың тойды аяқтағанын түсінген. Жазира Байырбекова тойға дейін де, кейін де қатты уайымдағанын айтты. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 2
Күлкілі 2
Ашулы 1