29.03.2026, 16:30

«20 жыл бұрын таныстым»: Жазира Байырбекова сұлу құдағиы туралы жазба жариялады (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлімдеді. 

Жазира Байырбекова көпшіліктің аузында жүрген құдағиы туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлімдеді. 

"Менің құдағиым Лиза Ахметова әлемдегі ЕҢ СҰЛУ құдағи. 20 жыл бұрын бір жиында аяғы ауыр жас келінді көргенмін. Сұлулығына таң қалып, тамсанғанмын. Сол сұлу келіншек менің құдағиым болады, бойындағы сәби менің келінім болады деп ойламаппын. Құдағиым достарымыз Бақытгүл мен Дәуреннің, өнердегі ініміз Кенжебек пен Жәмиланың келіні. Той керемет өтті десе көңіліміз көтеріліп, дұрыс болмады десе сәл көңіл түсіп жүрміз. Той қалай өтеді деп қобалжып, өткен соң қалай өтті екен деп тағы қобалжиды екенсің", - деп жазды Жазира Байырбекова. 

Айта кетейік, Жанболат пен Жазираның құда-құдағиы сымбатымен көпті сүйсіндіріп, желі талқысына түсті.