30.03.2026, 18:00

«Ағасы сияқты болып кетпесін»: Мирас Жүгінісовтің намаз оқып жүрген видеосы тарады (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

"Әншілікті қойып кетпесін бұл да". 

Көптен бері көрінбей кеткен танымал әнші Мирас Жүгінісовтің әрекеті қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әншінің намаз оқып жүрген видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен тарап кетті.

Көпшілік әншінің дінге беріліп кетпеуін уайымдап, түрлі пікір қалдыруда.

"Намаз оқымай-ақ сыйынып жүрсе болды емес пе", "Бұл да ағасы сияқты сақал өсіріп, уағыз айтып, қуып кетпесін", "Жария ету дұрыс емес", "Ағасы сияқты болайын деп жұрген шығар", "Әншілікті қойып кетпесін бұл да", - деп жазды оқырмандар.