31.03.2026, 13:00

«Ұят емес пе»: Баян Алагөзова композитор Қуат Әбіловті жақтап шықты

Фото: коллаж Sn.kz

Ақшасын төлеңдер, сонымен дау тоқтайды.

Кеше ғана композитор Қуат Әбілов әнші Bayansulu-ға жазған 5 әні үшін ақысын алмағанын айтқан еді. Осыған байланысты продюсер Баян Алагөзова өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

”Ақшасы төленбеген әнді орындау ұят емес пе? Бүлінген имидж = таза ар-ұят емес. Қуаттың жалғыз қалауы ол еңбегінің төленуі. Ақшасын төлеңдер, сонымен дау тоқтайды. Қуат талантты композитор, біздің “BM production” студиясында жұмыс жасайды. Әділеттілік орнауы үшін барымызды саламыз! Не болса да Қуат жалғыз емес, оның артында “BM production” студиясы тұр”, — деп жазды продюсер.