31.03.2026, 14:20

Алматыда заңгер әрі блогер Молдахан Әділетхан ұсталды

Фото: instagram.com/adiletkhan

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматы полициясы адвокат әрі блогер Молдахан Әділетханның ұсталғанын растады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

"Алматы қаласының Полиция департаменті азамат М.-ға қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеп-тексеру амалдары жалғасуда", - делінген полиция хабарламасында. 

Айта кетейік, блогердің парақшасына 1 миллиондай адам жазылған.

Ал оның профилінде азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша заңгерлік кеңес беретіні айтылған.