$ 481.54  553.24  5.93

«Фариза өзбекке шыққанын біле ме?»: Төреғалидің күйеу баласы құпиясын жария етті (ФОТО)

Желідегі қызу пікірталастан кейін Төреғадидің құдағиы барлық сұраққа жауап берді. 

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Төреғали Төреәлінің күйеу баласы Дархан Нортаев туған жеріне барамын деп желі талқысына түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Спортшы желідегі парақшасында жақындарымен жүздескенін жазған. 

"Өлі жебемей, тірі байымайды. Отбасымыздағы ерлер болып атамыздың туған жеріне келіп қалдық.

Бұл мен үшін жай ғана сапар емес еді, бұл өзімді шынайы сезінген сәт болды.

Атам отырғызған ағашқа қарап тұрып, онымен бір байланыс іздегендей болдым.
Кезінде өз қолымен өңдеп, балаларына аманат етіп қалдырған даланы көргенде, оның қандай адам болғанын сезінгендей болдым.

Сол сәтте бір нәрсені түсінесің: біздің қанымызда, мінезімізде, жолымызда аталарымыздың ізі бар.

Ауылдың жартысы сенің фамилияңмен болғанда, таңертеңнен бастап «немерелері мен баласы қайда?» деп үйге келіп, бізді көргісі келгенде, сонда жалғыз емес екеніңді түсінесің", - деп жазды Фариза Төреәлінің күйеуі. 

Осы тұста желі қолданушылары оның ұлтына қатысты түрлі пікір білдірген. 

"Қыздары Дара да өзбек қыз болып тұр ғой. Неге осы уақытқа дейін айтпаған? Фариза өзбек ұлтына шыққанын біле ме екен?", "Кім болса да жігіт адам өзінің кім екенін жасырмау керек. Еркекке тән қасиет емес", "Дархан сонда ұлтын жасырған ба? Жасырмаған болса осы уақытқа дейін шығар еді. Бұндай да болады екен ғой", "Дархан сонда өзбек пе?", - деді олар. 

Желідегі қызу пікірталастан кейін Төреғадидің құдағиы барлық сұраққа жауап берді. 

"Балаларымның әкесі өзбек, анасы қазақпын, мұсылманбыз. СССР-дың кезінде шаңырақ көтеріп, адал еңбек етіп, екі ұлымызды кішкентайынан еңбекке баулып, адамдармен араласуды үйреттік. Бахмал шахарында бір ауыл Нортаевтар әулеті тұрады, ел құрметтеген жандар. Жылда сый-құрметімізбен барып тұрамыз, аруақтарға тағзым етіп, өсем-өнем деген адам шыққан жерін ұмытпау керек!", - деп жауап берді Дариға Нортаева. 

Айта кетейік, Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі спортшы Дархан Нортаевпен шаңырақ құрған. Екеуінің Дара есімді бір қызы бар. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0