31.03.2026, 17:40

«Өтпей қалған дүниесі ме?»: Қарақаттың Мөлдірдің қызына берген сыйлығы сынға ұшырады (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

"Ешкімге бермей жүр едім, соны Айымға алып келдім". 

Танымал әнші Қарақат Әбілдина Мөлдір Мұқанның туған күн кешінде қызы Айымға ерекше сыйлық сыйлады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесі өзінің мүшел жасқа толғанын айтып, жақсы көретін затын сыйлағандығын айтты.

"Біз ырымшыл халықпыз. Оның үстіне мен биыл мүшел жасқа кіреді екенмін. Өзіңнің қимайтын, жақсы көретін затыңды беру керек екен. Соның барлығын ескере отырып Айым құлыншағымызға 30 жылдай болыпты ғой үлкен сахнада абыроймен келе жатқанымызға бізден д"е асып түс, біздің жолымызды берсін деп осы әдемі дизайнерлік дүние сыйлағым келіп тұр. Өзімнің ұнатып тіккізіп, ешкімге бермей жүр едім, соны Айымға алып келдім", - деді әнші.

Ол Айымға шашқа тағатын әшекей мен корсет табыстады.

Желі қолданушыларының бір бөлігі Қарақаттың берген сыйлығын сыйласа, енді оған алғысын білдірді.

"Не мынау бергені", "Керемет", "Қарақаттың жолын берсін", "Өтпей қалған заттарын береді екен", "Керемет сыйлық", - деп жазды оқырмандар.