Бұл қуанышты жаңалық әуелі отбасымыздың арасында ғана қалды.
Танымал әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов жақында әке атанады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Сүйінші жаңалықты журналист Анна Данченко жария етті. Былтыр ұлын үйлендіріп, дүркіретіп той өткізген танымал сазгер әрі әнші Нұрлан Еспанов бұл қуанышты да ерекше атап өтетінін жасырмады.
Ал Олжас Еспанов әке атанатынын көпшілік білмейтінін айтты. Сондай-ақ ол жарының жүкті екенін ата-анасына қалай жеткізгенін де баяндап берді.
“Негізі жүктілік жайлы халыққа жария етпеген едік. Бұл қуанышты жаңалық әуелі отбасымыздың арасында ғана қалды. Алдымен сүйінші хабарды маған айтты, ол кезде екеуміз жеке тамақтануға шыққан едік. Кейін ата-анамызға арнайы торт алдырып, үстіне “Мен жолдамын” деп жаздырып, тосынсый жасадық. Олар бірден түсініп, көздеріне жас алып, қатты қуанды”, – деді әншінің ұлы.