01.04.2026, 15:20

«Жынды мінезім бар»: Асқар Жұмабек 10 күн абақтыдан кейін мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

"Өтірік ақпарат таратқан". 

Танымал актер Асқар Жұмабек 10 күн абақтыдан кейін, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды  Sn.kz ақпарат порталы.

Ол даулы оқиғаға қатысты бар шындықты айтты.

"10 күн уақыт өтті. Аллаға шүкір шықтым. "Тұлға" дүкеніне рақмет айтқым келіп отыр 1 жылдан астам уақыт жұмыс жасап, 10 күндік алып берген жолдамаларына. Әрине, көңілге тиді. Мені бүкіл қазақ еліне хайуан, қарабет, қызды ұрып-соғатын адам ретінде көрсетті мені. Жақсы, солай-ақ болсын. Сендер үшін мен жауыз болдым. Ақталу үшін емес, бәрін қалай бар солай айтып беремін. Мен өте әділ адаммын. Иә, осындай жынды мінезім бар. Бірақ менде біреудің артынан сөйлеп, жамандау, соның арқасында хайп жинау деген жоқ. Тек хайп керек болды. Менің кешірімімді өзімнен күткісі келсе, ол адам бүкіл жерге олай жариялап шулатпайды. Өтірік ақпарат таратқан. Мені тепкіледі, шабуыл жасады деп. Мені оятқанына мен оған рақмет айттым. Иә боқтадым, ұрыстым. Маған бірінші боқтап жатқанын көрдім себебі. Кез-келген ер адам ашуланады ол нәрсееге. Мен қыз баласының бетпақтанып бетіме келіп сөйлегенін көрген емеспін. Мен сондай тәрбие көріп өскен адаммын. Масқара тәрбиелімін деп айтпаймын. Біз адамбыз. Менде де болады қателік. Көп нәрсе айтқым келіп отыр. Оның барлығын алдағы уақытта айтып беремін. Өте төмен әрекет болды. Кім ұрыспай жатыр жұмыс орнында? Конфликт деген барлық жерде болады. Бұның барлығы өтірік, кейіннен арты ашылды. Менің чемоданды теуіп, кетіп қалғанымды көрді жұрт. Жала жабу бұл, ал оған қылмыстық бап бар екенін білесіздер. Бірақ мен оның деңгейіне түспеймін. Мен жауапсыз болсам 1 жыл 3 ай жұмыс істемес еді менімен", - деді актер.

Желі қолданушыларының бір бөлігі өнер иесінен енді тыныш жүруін сұраса, бір бөлігі қолдап жазуда.

"Абайлап жүр адамдар пайдаң тисе керексің, іс біткенін осылай жала немесе керек еместей тастай салады", "Мен Асқарды бундай әрекетке барады дегенге сене алмаймын, себебі өте жайдарлы ақкөңіл кісі", "Жеңілдік берсін, бауырым!", "Сабыр түбі сары алтын. "Ер мойнында қыл арқан шірімейді" деген қазақта нақыл бар. Жетесіз, тәрбиесіз, өтірікші қызды Аллаға тапсыр", "Мінез бәрімізде бар. Әрине ашуланады, еркек намысына тигенде. Періште емеспіз. Бір-ақ Асқар бауырымыз бұндай әрекетке бармайды сенемін. Көрініп тұр ғой бәрі", - деп жазды оқырмандар.