01.04.2026, 16:20

«Көмекке мұқтажбыз»: Төреғалидің қарындасы қажып кеткенін айтты (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Үш баланың анасы декреттік өмір туралы сөз қозғап, әйелдерге үндеу тастаған. 

Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі жазбасымен оқырмандарына ой салды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Үш баланың анасы декреттік өмір туралы сөз қозғап, әйелдерге үндеу тастаған. 

“Әркім - өзі жасайды таңдауын, Сезімнің жанып - жанбауын” - деген сүгіреттер. Бал өміріңді жеке отбасын құру үшін арнау. Декрет деген өзіндік бір соғысы бар өмірден шығу. Шашылған жаныңды, өзіңді қайта бөлшектеп жинау. Морально, физически, психологически шаршамау. Бәрінің көңілін табу. Үйіңе жылылық сыйлау. Күйеуіңе, балаларыңа махаббат беру. Айналаңа шуақ шашу. Ешкімге ренжімеу. Өзіңді жеке тұлға ретінде дамытып үлгеру, жеке кәсібіңді жұмысыңды жасау. Сырқаттанбау… Тағысын-тағы… Нәзік жаратылыс бір әйелдің мойнында қаншама көзге көрінбейтін жауапкершілік, шіркін. Сүйікті болу - ең алдымен өзіңді сүю! Біз мықты емеспіз - біз әлсізбіз. Біз де махаббатқа, көңілге, сезімге, көмекке мұқтажбыз", - деді ол. 

Айта кетейік, Дина Төреәлі жақында ғана екі ұлдан кейін қызды болған еді.