Оның айтуынша, кіші ұлы Хан ысрапшылықты мүлде ұнатпайды, артық шығыннан қашады.
Жұлдыз Абдукәрімова балаларының мінезі әртүрлі екенін айтып, қызықты пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, кіші ұлы Хан ысрапшылықты мүлде ұнатпайды, артық шығыннан қашады. Ал үлкен ұлы керісінше — бір зат алуға барса, бірнешеуін алып шығатын әдеті бар екен.
«Баланың өзін тапсам да, мінезін туған жоқпын», — деген ол әр баланың болмысы бөлек екенін әзілмен жеткізді.
Бұл пікір желі қолданушыларына да таныс жағдайдай әсер етіп, көпшілік жылы қабылдады.