Жүргізуші өз парақшасында жастарды қорықпай, өз мүмкіндігін сынап көруге үндеді.
Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы оқырмандарына үндеу жасап, өнерлі жастарды жаңа бастау алған Super Star KZ жобасына қатысуға шақырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жүргізуші өз парақшасында жастарды қорықпай, өз мүмкіндігін сынап көруге үндеді.
«Кел, сенің де жұлдызыңды жағайық! Қорықпа, Ләйлә ондай қатал емес қазір! Өзіңе сен, қалғаны болады! Тәуекел ет, нәтижесін көресің!», – деп жазды ол.
Тележүргізуші бұл жоба талантты жастар үшін үлкен мүмкіндік екенін атап өтті.