$ 470.46  543.1  5.86

«Күш жинап жатырмыз»: Жазираның ұлы мен келіні ем қабылдауға мәжбүр болған

Күйеу жігіттің сөзінше, қалыңдығы екеуі күш жинау үшін ем қабылдаған. 

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Жанболат пен Жазираның ұлы Қазбек үлкен той өткізіп, жас әйелі екеуі әбден шаршап қалғандарын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды. Күйеу жігіттің сөзінше, қалыңдығы екеуі күш жинау үшін ем қабылдаған. 

"Алматыда өткен тойымызға 738 қонақ келді қызметтегі інішектер мен мобилографтарды қоспағанда. Енді туған жерім Аралда 2-тойға күш жинап бара жатырмыз. Ол жақта 300-ге жуық адам күтеміз. Ойлашы, 300 апа-аталар, әр кісі 2 рет беттен, 1 рет маңдайдан былшыратып сүйетіні бар. Жақында сіздер үшін Асылның реакциясын түсіремін", - деп жазды ол. 

Айта кетейік, жас жұбайлар Түркістан қаласы арқылы Аралға жол тартты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 3
Күлкілі 3
Ашулы 1