"Апасының баласы".
Танымал әнші Жанболат Ербатыров ұлы Қазбектің үйлену тойында сөйлеген сөзі қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әнші өзінің ұлын "балам" деп айта алмайтынын айтты.
Ал Жазира Байырбекова бұл сөздерге көңілі босап, жылап қалды.
"Келіндеріме, бауырларыма тойға ат салысқанына көп-көп рақмет айтамын. Қазбекті балам деп айта алмаймын. Апамның баласы ғой. Теледидардағы бір сұхбатта "балам" деп айтып қалдым. Ойбуй, апам ренжитін болды ғой деп кесіп тастауды өтіндім. Кішкентай кезінен апамның қолында өсті", - деді өнер иесі.
Алайда оқырмандар мұның дұрыс емес екенін айтып, түрлі пікір қалдырды.
"Апасының баласы Бақытты болсын. Қосағымен қосағарсын", "Жастар бақытты болсын", "Үлкенді сыйлаған екен", "Апасының батасымен өсіп-өнсін", - деп жазды желі қолданушылары.