"Тіл-көз тиюге сенемін".
Әнші Қайрат Түнтеков жеке өміріне қатысты көпшілік біле бермейтін жайттарды алғаш рет бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі 1001 түн бағдарламасына берген сұхбатында отбасы тақырыбына қатысты ойын ашық жеткізген.
Әншінің айтуынша, ол жеке өмірін жария етпеуді әдейі таңдаған.
Бұған басты себеп — тіл-көзден сақтану.
Тіпті мұндай жағдайды өзі де бастан өткергенін жасырмады.
«Отбасымды көпшілікке көрсеткім келмейді. Себебі тіл-көз тиюге сенемін. Өзім де сондай жағдайға тап болдым. Бір кезде тіпті орнымнан тұра алмай, келесі күні жүруге шамам келмеген кездер болды», — деді ол.
Сұхбат барысында Қайрат Түнтеков жеке өмірін ел назарынан тыс ұстау — саналы түрде қабылдаған шешімі екенін де атап өтті.