$ 469.52  553.75  6.15

«Бұдан халыққа қандай пайда?»: Меруерт Түсіпбаева әртістерді есірткіге тексеру қажет деген ұсынысқа қарсы шықты

Сосын фонограммаға жабысасыңдар.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Бірнеше күн бұрын Ләйлә Сұлтанқызының «өнер адамдарын есірткі бойынша тексеру керек» деген ұсынысына қатысты әнші Меруерт Түсіпбаева пікір білдіріп, қарсылығын танытты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Мемлекетте басқа мәселе жоқ па? Бұл не береді өзі?! Халыққа бұдан қандай пайда бар?!

Біздің елде басқа проблема жоқ па? Тістерің тек өнер адамдарына ғана бата ма? Бірде әртістердің Меккеге қажылыққа барғанын сөз етесіңдер, бірде олардың есірткіге не ішімдікке қатысын, бірде ажырасуы мен отбасындағы зорлық-зомбылықты талқылайсыңдар.

Сосын фонограммаға жабысасыңдар. Қазақстанда Дженнифер Лопестегідей мықты аппаратура бардай сөйлейсіңдер ғой. Егер шын мықты болсаңдар, неге басқа мәселелерді көтермейсіңдер? Халыққа пайдалы тақырып қалмады ма? Бітті ме? Әртістің көрпесін ашып, соны ғана талқылау ма қалды?

Мысалы, қазір қанша журналист қамауда отыр? Ең болмаса әріптестеріңді іздеп, абақтыға барып, жағдайын сұрап, тамақ апармайсыңдар ма? Әйтеуір әртістерді қозғасаңдар болды, олар отқа жанбайтын, суға батпайтын сияқты.

Мәселен, шамамен 7–8 рет Гиннестің рекордтар кітабына енген Марат Жыланбаевтың жағдайын неге сұрамайсыңдар? Үндемейтін әртістерді айтайық па сонда?», деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0