$ 469.52  553.75  6.15

«Қызғанып кеттік»: Димаш Құдайберген танымал әншімен көзге түсті (ВИДЕО)

"Құшақтап алғаны ше". 

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Димаш Құдайберген тағы да әлем назарын аударды,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әнші Будапешттегі MVM Dome аренасында өткен Virtuosos жобасы аясында өнер көрсетті.

Димаш әйгілі опера баритоны Пласидо Доминго және әлемге танымал виолончельші HAUSER-мен бір сахнада өнер көрсетті.

Сахнада әншіні құшақтап тұрғанын көрген желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды. 

"Қызғанып кеттік қой", "Құшақтап алғаны ше", "Мәссаған, жарасады екен", - деп жазды оқырмандар. 

Кеш толық симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өтіп, оған Лист пен Барток атындағы сыйлықтардың лауреаты, дирижер Петер Пейцик жетекшілік етті.

Кештің ең жарқын сәттерінің бірі – Димаштың украиналық әнші, «Голос Казахстана» жобасының қатысушысы Виктория Булеевамен орындаған дуэті болды.

Екеуі атақты «The Phantom of the Opera» композициясын шырқап, еуропалық көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Өнер иелерінің сахнадағы көзқарасы көпті тәнті ентті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1