$ 461.37  542.16  6.14

«Ақынмен қоштасуға арнайы келді»: Димаш Құдайберген Шахановпен қоштасу жиынында бой көрсетті (ВИДЕО)

Иманы өзіне серік болсын!

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Бүгін Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрында белгілі ақын, жазушы Мұхтар Шахановпен қоштасу қаралы жиыны өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жиынға көптеген жазушы, қоғам қайраткерлері келген. Солардың ішінде әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген де бой көрсетіп, ақынның азалы жиынында көпшілікке көңіл айтты.

Айта кетсек, Мұхтар Шахановпен қоштасу қаралы жиынында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды сөз сөйледі.

Еске сала кетейік, 19 сәуір күні қазақтың көрнекті ақыны, жазушы әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов 84 жасқа қараған шағында дүниеден озды. 

Мұхтар Шаханов – тек қазақ әдебиетінің ғана емес, сонымен бірге ұлттық рухтың символына айналған тұлға. Ол өзінің шығармаларында қоғамдағы өзекті мәселелерді, әсіресе Желтоқсан оқиғасының шындығын батыл көтерген қаламгер ретінде тарихта қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 34
Ұнамайды 1
Күлкілі 2
Ашулы 0