Ол жалпы өте дамыған адам.
Журналист Айым Жекенова Төреғали Төреәлінің әйелі Толқын Тұрарбекқызы туралы айтты. Бұл туралы ол журналист Асмира Ермекқызына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
”Ол кісі психологияны оқыған дипломы бар психолог. Ол жалпы өте дамыған адам. Көбісі біле бермейтін шығар, Қазақ Ұлттық Университетінде “шет тілдер” мамандығында оқыды, қытай тілін жақсы біледі. Сол жылдары қазақ қыздарының ішінде Юнескоға жұмысқа шақырған екі адам болды, соның бірі Толқын ханым болды. Бірақ Толқын ханым тұрмысқа шығып, ол нәрседен бас тартты. Сондықтан ол өте білімді қыз”, — деді журналист.
Сондай-ақ, журналист Толқын Тұрарбекқызымен қалай танысқанын да айтып берді.
”Менен кеңес алу бойынша сөйлесіп, үйіне қонаққа шақырды. Бірден топ етіп үйлеріне барамын. Домбырамен Төреғали кіріп келді, ол кісінің мысы бар, мысы басып тұрады. Бір жоба барысында жұмыс жасадық, екі жылдай етене араласып кеттік”, — деді журналист Айым Жекенова.