Желі қолданушылары әншінің аналық мейірімге толы жазбасына сүйсініп, жылы лебіздерін жаудырған.
Әнші Наркенже Серікбаева әлеуметтік желідегі парақшасында қыздарына деген аналық махаббаты туралы тебіреніске толы жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі қыздары өміріне күш-қуат беретін басты шабыт екенін айтып, жүрекжарды сөзін бөлісті.
«Маған күш беретін, мені алға талпындыратын бір күш болса, ол қыздарыма деген аналық махаббатым. Алла жаныма сая қылып Жансаямды берді, сыйлық қылып Хадиямды берді. Бергеніңе шүкір айтам Раббым! Қыздың қабағында құт бар дейді дана қазағымыз. Құтты қабағы, жаздай жамалы, жұлдыздай жарқыраған жанары бар қыздарым, қызғалдақтарым менің бақытым және шабытым! Перзенттерімнің күлкісі үшін, болашағы үшін барымды, нарымды, жанымды беруге әзірмін. Тек қуанған жүздеріңді көрейін жарықтарым! Бәрі сендер үшін! Алланың назарында болыңдар!» — деп жазды әнші.
Желі қолданушылары әншінің аналық мейірімге толы жазбасына сүйсініп, жылы лебіздерін жаудырған.