$ 461.37  542.16  6.14

Марқұм Мұрат Бисембиннің қызы ұзатылуда: желіде түрлі пікір тарады (ФОТО)

Кейбір желі қолданушылары күйеу жігіттің ұлтына қатысты сұрақ қойып, оның шетелдік азамат болуы мүмкін екенін талқылаған.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Марқұм актер Мұрат Бисембиннің қызы Диана Болатова тұрмысқа шығатынын жариялап, әлеуметтік желіде қалың талқыға түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Диана сүйіктісімен түскен фотоларын жариялап, сақина тағылғанын көрсетті. Желі қолданушылары жас жұпты құттықтап, ақ тілектерін жаудырды. Пікір қалдырушылардың бірі: «Әкеңіз баяғыда-ақ сізге көктен батасын беріп қойған. Бақытты болып, ұзақ ғұмыр сүріңіздер» деп жазса, енді бірі «Құттықтаймыз! Керемет жұп» деп жылы лебіз білдірген.

Алайда жазба астында түрлі пікірлер де болды. Кейбір оқырман Диананың әкесінің жақында ғана өмірден өткенін еске салып, тойға қатысты пікір білдірген. «Әкеңіз жақында қайтты ғой, тойға ерте емес пе» деген пікір де көптің назарын аударған.

Соған қарамастан көпшілік жас жұпқа қолдау білдіріп, бақыт тіледі. Кейбір желі қолданушылары күйеу жігіттің ұлтына қатысты сұрақ қойып, оның шетелдік азамат болуы мүмкін екенін талқылаған.

Айта кетейік, белгілі актер Мұрат Бисембин былтыр өмірден өткен еді. Оның қызы Диананың қуанышты жаңалығы желіде қызу талқы тудырып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0