Әлеуметтік желі қолданушылары да бұл сәтке бейжай қалмай, түрлі пікір білдірді.
Сахнада ағалы-іні болып бірге өнер көрсетіп жүрген Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлі арасындағы сыйластық пен достық көпшілікке бұрыннан таныс. Қос өнер иесі түрлі жағдайда бір-біріне қолдау білдіріп, ел алдында әрдайым бірліктің үлгісін көрсетіп келеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл жолы да олардың сахнадағы ерекше атмосферасы көрермен назарынан тыс қалмады. Ән орындау барысында екеуінің өзара үйлесімі, қалжың-аралас әңгімелері мен шынайы қарым-қатынасы залдағы көрерменге жылы әсер сыйлады.
Кеш соңында Төреғалидің Қайраттың маңдайынан сүйген сәті ерекше әсерлі болды. Бұл әрекет тек сахналық қимыл емес, достыққа деген шынайы құрметтің белгісі ретінде қабылданды.
Әлеуметтік желі қолданушылары да бұл сәтке бейжай қалмай, түрлі пікір білдірді. Көпшілік қос әншінің арасындағы адал достыққа тәнті болғанын жазып, «нағыз бауырмалдық», «қазақы тәрбие мен сыйластықтың көрінісі» деген жылы лебіздерін қалдырды. Кейбірі өнер адамдары арасындағы осындай шынайы қарым-қатынас жастарға үлгі болуы керектігін атап өтті.
Жалпы, бұл көрініс көрерменге тек концерттік көңіл-күй сыйлап қана қоймай, адамаралық құрмет пен адалдықтың маңызын тағы бір еске салғандай болды.