27.04.2026, 11:00

«Ешкімге ұнауға міндетті емеспін»: Кәмшат Жолдыбаева әріптесі Әнел Әріноваға жауап берді

Фото: коллаж Sn.kz

Әркімнің жеке пікірі бар.

Танымал әнші Кәмшат Жолдыбаева “Жарқыраған жұлдыз” телебағдарламасына берген сұхбатында әріптесі Әнел Әріноваға жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұған дейін KeshYou тобында 2006-2012 жылдары өнер көрсеткен Әнел Әрінова Кәмшат Жолдыбаевамен алғаш танысқан кезін еске алып, Кәмшат оған “ауылдағы мұғалім әйел” сияқты көрінгенін айтқан еді. Сондай-ақ ол алғашында Кәмшатты ұната қоймағанын жасырмады.

“Кәмшат маған ауылдағы мұғалім әйел сияқты көрінді. Тіпті Моляның өзі одан заманауи көрінетін”, – деді ол.

Оның бұл пікіріне әнші Кәмшаттың өзі жауап қатты. Ол Әнел Әріноваға ешқандай реніші жоқ екенін, әркімнің жеке пікірі болатынын айтты. Сонымен қатар әнші Әнелді сұхбаттың гүлі болды деп есептейді. 

“Әрине, бәрін жақсы қабылдадым. Әркімнің жеке пікірі бар. Ешкім ешкімге ұнауға міндетті емес. Сондықтан, бәрі жақсы. Мен Әнелді бұрын қалай құрметтесем, қазір де солай құрметтеймін. Айтқан сөздеріне ешқандай реніш жоқ, керісінше, оның пікірі шынайы болды, ал өзі сұхбаттың гүлі болды деп ойлаймын. Әнел сұхбат бергені үшін шығарылым өте қызық болды, егер ол болмаса, қаншалық өтетінін білмеймін”, – деді Кәмшат.