Оның айтуынша, сол кезден бастап әдемі әрі жайлы баспанада тұруды армандаған.
Әнші Жазира Байырбекова бала күнінен жақсы тұрмыс пен жайлы өмірді армандағанын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі кішкентай шағында әкесімен бірге гастрольдік сапарларға жиі шығып, түрлі отбасылардың үйінде қонақ болғанын еске алды. Оның айтуынша, сол сәттер оның өмірге деген көзқарасына әсер еткен.
Әнші өздерін құрметпен қарсы алған адамдардың тұрмысын көріп, соған ұқсас өмірді армандағанын жасырмады.
«Автобуспен мектепке бара жатып, ең болмаса сондай үйіміз болса ғой деп ойлайтынмын. Қазір де жайлы өмірді жақсы көремін», – деді ол.