$ 464.86  544.03  6.14

«Қысым жасады»: ҚМА Жанабыловтардың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді

Агенттіктің мәліметінше, күдіктілер тек қорғаушының қатысуымен ғана тергелген.

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева

Қаржылық мониторинг агенттігі сотта сөз сөйлеген блогер Эльмира Толегенованың мәлімдемесіне қатысты түсініктеме берді. Ерболат Жанабыловтың жұбайы тергеу барысында өзіне және күйеуіне қысым көрсетілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, күдіктілер тек қорғаушының қатысуымен ғана тергелген.

«Күдіктілер Е.Жанабылов пен Э.Төлегенова тергеу әрекетіне қорғаушысымен ғана қатысты. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында және қылмыстық іс материалдарымен танысу кезінде аталған тұлғалардан қысым көрсету, қорқыту және ықтимал бопсалау туралы агенттікке, прокуратура органдарына немесе сотқа ешқандай өтініш түскен жоқ», – деп хабарлады ведомство.

Агенттікте сондай-ақ айыпталушылардың қатысуымен жүргізілген барлық тергеу әрекеттері қылмыстық-процестік заңнама талаптарына сәйкес аудио және бейнежазбаға тіркелгені нақтыланды.

Сонымен бірге ведомство Төлегенованың мәлімдемелері қазіргі уақытта тексеріліп жатқанын және оларға құқықтық баға берілетінін қосты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0