$ 457.21  534.62  6.08

«Таңғы 5-те әкелді»: Мақпал Жүнісова күзетшісі мен жүргізушісіне «баспана» сыйлады (ВИДЕО)

Оның айтуынша, адам еңбегін бағалау – маңызды құндылықтардың бірі.  

Фото: instagram.com/zhunusova.makpal
Фото: instagram.com/zhunusova.makpal

Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова өзіне қызмет ететін күзетшісі мен жеке жүргізушісіне ерекше сый жасап, олардың баспаналы болуына көмектесті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі бұл қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, қызметкерлеріне арналған шағын, бірақ толық жабдықталған тұрғын үйлер арнайы тапсырыспен жасалған.

«Жүргізуші мен күзетшінің жаңа үйлері дайын. Ішінде барлық жағдай қарастырылған: дәретхана, душ, тіпті кондиционерге дейін бар. Таңғы сағат бесте арнайы техникамен жеткізіліп, үйдің алдына орнатылып жатыр. Үйлер толық жылытылған, қыста жылы, жазда салқын болады. Барлығы заманауи талаптарға сай жасалған», – деді әнші.

Мақпал Жүнісова бұл қадамын өзіне адал қызмет етіп жүрген жандарға деген алғысы мен құрметінің белгісі екенін атап өтті. Оның айтуынша, адам еңбегін бағалау – маңызды құндылықтардың бірі. Өнер иесінің бұл әрекеті желі қолданушыларының да жылы пікіріне ие болып, көпшілік тарапынан қолдау тапты.

Айта кетейік, соңғы уақытта танымал тұлғалардың әлеуметтік жауапкершілік танытып, айналасындағы жандарға көмек көрсетуі жиілеп келеді. Бұл қоғамда мейірімділік пен өзара қолдаудың маңызын арттыра түсуде.

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 16
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 0