Мынадай үй менде, сосын Тұрсен ағамызда бар.
Жақында Түркістандағы Күрес Федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалған «Миллион» командасының мүшесі Мансар Орынхан хейт пен сынның нысанасына айналды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіде Орынханға қатысты «Ақша арқылы орын сатып алды», «Мемлекеттің ақшасын жейді» деген сыни пікірлер көбейіп кетті. Бұл пікірлерге жауап ретінде ол әзіл ретінде видео жариялады.
Видеода Мансар Орынхан «Алғашқы айлығымды алып, екі жаңа көлік пен осындай вилла сатып алдым» деп көрсетіп, көпшілікті таңғалдырды. Оның әзілге құрылған видеоға көпшілік сеніп қалғаны байқалды.