29.04.2026, 09:40

Қазақ қызы танымал әнші Леди Гаганың бейнебаянына түсті (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Қазақстандық биші жобаға қатысатынын өзінің Instagram парақшасында жариялап, бұл оның мансабындағы маңызды кезең екенін атап өтті.

Қазақстандық биші әрі хореограф Мадина Бейсекеева америкалық әнші Леди Гага мен рэп-орындаушы Doechiiнің Runway әніне түсірілген бейнебаянына қатысты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Өзінің әлеуметтік желідегі жазбасында Бейсекеева бұл жоба мансабындағы маңызды кезең және «тарихи сәт» болғанын айтты.

Музыкалық бейне «Дьявол Prada киеді 2» фильмінің промо-науқаны аясында жарық көріп, қазірдің өзінде желіде миллиондаған қаралым жинады.

Бишінің айтуынша, әлемдік жұлдызбен бір жобада жұмыс істеу – үлкен мәртебе:

«Мен Леди Гаганың жанында билеп жүрмін бе?!»

Хореографияны танымал қоюшы Паррис Гобель әзірлеген.

Қазақ қызының қатысуымен түсірілген бейне әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, көпшілік оны халықаралық жетістігімен құттықтауда.