$ 457.21  534.62  6.08

«Наркоздың күші тарап жатыр»: Гүлзира Айдарбекова отадан шыққанын айтты

Сондай-ақ продюсер наркоздан кейінгі хәлін баяндап, дәрігерлердің өттегі тас сәтті алынғанын айтқанын жеткізді.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Продюсер Гүлзира Айдарбекова отадан кейін әлеуметтік желіде жағдайын айтып, көпшілікке алғыс білдірді. Ол ота алдында қорқыныш болғанын жасырмай, бәрі сәтті өткенін жеткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Иә, елдер түк емес дейді, біраз жылдап бұрын, бір абысыным наркоздан қайта оянбай еді, сонан кейін Алматыда тағы бір абысынымыздың өттегі тасын лазермен алғанда, қиығы қалып қойып іріңдеп өмірден өткен, содан кейін ғой қорқынышпен жүргенім. 99 пайызының отасы сәтті шыққанымен, бірі дұрыс болмай жатады. Аллаға сансыз шүкірлер, сәтті өтті! Әуелі Алланың қалауы, екінші сіздердің дұғаларыңыз міндетті түрде Алланың құлағына шалынды. Рақмет жандарым сол!» – деп жазды ол.

Сондай-ақ продюсер наркоздан кейінгі хәлін баяндап, дәрігерлердің өттегі тас сәтті алынғанын айтқанын жеткізді.

«Наркоздың күші жаймен тарап жатыр, көзім жұмылып, ұйқыға кетіп, бір оянып жатырмын. Кейінірек толықтырып жазамын, қазір әлсіздік. Бірақ өте сәтті болды. Врач айтқандай өтім қалды, тас алынды. Единственный осы врач өтті қалдырып ота жасайтын. Бәріңізді құшақтап, сүйдім!» – деді Гүлзира Айдарбекова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0