29.04.2026, 15:40

«Айналайын, заң сатылады»: Актер Нұрсұлтан Жақсыген жауапкершіліктен қалай құтылғанын айтты

Фото: Видеодан алынған кадр

Енді Фариза Алмасқызы Қарасай ауданының прокуроры Нұрсұлтан Жақсыгенді қолдап отыр деп мәлімдеді. 

Экс-әйелін балағаттап, ауыр сөздер айтқан актер Нұрсұлтан Жақсыген қылмыстық жауапкершіліктен қалай құтылып кеткенін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Актердің бұрынғы жұбайы Фариза Алмасқызы бұл жағдай туралы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Оның айтуынша, ол бұған дейін актерге қатысты арыз жазып, нәтижесінде екі қылмыстық іс қозғалған.

Фаризаның дерегіне сәйкес, актерге Қылмыстық кодекстің 115-1-бабы — «Сталкинг» (аңду, ізіне түсу) бойынша 50 тәулікке қамау, сондай-ақ 274-баптың 2-бөлігі 3-тармағы — «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған.

Алайда кейін ол Қарасай ауданының прокуроры Нұрсұлтан Жақсыгеннің актерді қолдап отырғанын мәлімдеді.

«Егер бәрі осылай ақшамен шешілетінін білгенде, мұнша әуре болмас едім. Кеше ғана “Сталкинг” және “Көрінеу жалған ақпарат тарату” баптары бойынша қамау туралы шешім шыққан еді, бірақ бір күнде бәрі өзгерді. Қарасай ауданының бас прокуроры Нұрсұлтан Жақсыген қамауға қарсы шығып, керісінше, оны қолдайтынын көрсетті», — деп жазды ол.

Сонымен қатар, Фариза Алмасқызы прокурордың бұған дейінгі хаттарын жариялаған.

Хат алмасу барысында актердің: «Заң қазір сатылады, бәрін өзім шешемін», — деп жазғаны айтылды.