30.04.2026, 05:30

«Жатқан жеріңіз жайлы болсын»: Тәуекел Мүслім марқұм әкесіне құран бағыштады (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды. 

Актер Тәуекел Мүслім марқұм әкесінің басына барып құран бағыштады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды. 

"Шымкент пен Түркістанның ортасында Темірлан атты тамаша ауыл бар. Сондай әдемі жер. Бұны не үшін айтып отырмын? Өйткені ол жерде менің балалық шағым өткен, аз да болса осы мекенде әкеммен бірге тұрдым. Енді сол әкемнің басына өз балаларыммен келіп, құран бағыштамақшымын. Жүнісбеков Сабыр Мүслімұлы 1995-2010 жж. Әке, жатқан жеріңіз жайлы болсын", - деп жазды актер. 

Желі қолданушылары түрлі пікір жазды. 

"Әкеңізді Оңтүстіктің бәрі жақсы таниды", "Мықты кісі болған. Жаны Жәннатта болсын", "Ниеттерің қабыл болсын", "Әкең бір аунап түскен шығар", деді ол.